«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әдістемелік жиындар аяқталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімінің базасында аумақтық қорғаныс атқыш бригадалары басқармасының басшылық құрамымен, аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға жауапты жергілікті атқару органдарының лауазымды адамдарымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Жиын практикалық бағытқа ие. Жиынға барлығы 48 адам тартылды. Оның мақсаты аумақтық қорғаныс атқыш бригадалары басқармалары басшылық құрамының, жергілікті атқару органдары лауазымды адамдарының жұмылдыру даярлығының деңгейін арттыру, хабардар ету және жұмылдыру ресурстарын қабылдау іс-шараларын жүргізу болып табылады.   Іс-шаралар барысында бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік үйлесуі іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде аумақтық қорғаныс атқыш бригадалары басқармалары басшылық құрамының білімдері мен практикалық машықтары жетілдірілді. 

Жиын шеңберінде жұмылдыру ресурстарын қабылдау және бөлу, материалдық-техникалық құралдарды сақтау, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау мен беру, жауынгерлік үйлесімділік, бөлімшелердің жауынгерлік оқ атуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі пысықталды. Жиынға қатысушылар атыс даярлығы бойынша сынақ және жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс мәселелері, мемлекеттік құпияларды қорғау, ҚР ҚК жалпыәскери Жарғыларының негізгі ережелері бойынша басшылық құжаттарды білуі бойынша кешенді тестілеу тапсырды. Сондай-ақ, жиын барысында мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне оның кіріктірілуі аясында аумақтық қорғаныс  жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары жеткізілді.
Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"