Жастардың "Айбын" әскери-патриоттық жиыны өтеді

Маусым айының 13-18 аралығында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты  «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» жастардың әскери-патриоттық жиыны өтеді. Іс-шараны «Қазақстан – 2020: болашаққа бастар жол»,  Қазақстанда 2025 жылға дейін дене шынықтыру мен спортты дамыту Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ҚР Қорғаныс минстрлігі ұйымдастырады. Биылғы іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналмақ. Оған  еліміздің әскери оқу орындары, мектеп-интернаттары мен әскери-қолданбалы спорт және патриоттық клубтарынан 814 жасөспірім қатыспақ.

Жиынның басты міндеті – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, осы бағыттағы клубтардың іс-қимылын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери қызметті өтеу кезінде қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру.

Өткен жылы іс-шараға 800-ден астам жас келіп, да­лалық жағдайда әскери-қол­данбалы спорт түрлерінен үш күн бойы сайысқа түсті. Сондай-ақ, жиынның жабылу рәсі­мін­де ҚР Қорғаныс министрі Иман­ға­ли Тасмағамбетов қатысып, Қазақ­стан Республикасының Прези­денті – Қарулы Күштердің Жоғар­ғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назар­баев­­тың жастардың «Айбын» рес­­публикалық әскери-пат­риот­тық жиынына қатысу­шылар­ға жолдаған хатын оқып, құт­тық­тауын жеткізген болатын.

Республика Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал – майор Мұхамеджан Таласовтың мәліметінше, биылғы іс-шара  6 күнге созылады. Оған қоса, алғаш рет жоғары оқу орындарының әскери кафедраларынан 52 қыз қатыспақ.  Жарыс бағдарламасы бойынша келушілерге Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мемлекетіміздің құрылу жолдары жөнінде фильм көрсетілмек. Сонымен қатар,  Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың таныстырылымы, белгілі адамдармен кездесулер, әскери-патриоттық клубқа қабылданған жас патриоттардың ант беру рәсімі ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ,  патриоттық мақсаттағы қысқаметражды фильм түсірген қатысушылар арасында байқау өтеді.

Биылғы сайыстың тағы бір ерекшелігі көрсетілім сабақтарында жас патриоттарға қару-жарақтар мен әскери техникалар, тау-кен жабдықтарының жаңа түрлері ұсынылады. Оның ішінде ПҰА "Wing loong 1", "Арлан" бтр, "Номад", командалық-штабтық машиналары бар.

Сайыста дене даяр­лығын айқындайтын негізгі күш­тік жаттығулармен бірге АК-74 қаруынан 100 метр қа­шық­­тық­тағы нысана көздеу, пнев­ма­тикалық мылтықтан ату, газтұм­шаны жедел кию, қару-жарақты толық асынып жүгіру, күтіл­меген қиындықтарды еңсеру және медициналық жәрдем көр­сету сияқты сынақтар жарыс көрігін қыздырады.

«Менің роботым» сайысында әскери-патриоттық клуб мүшелері құрастырған робот түрлері көрсетіледі. Олар, барлау, әскери әрекеттер, іздеу  және жарылғыш заттарды залалсыздандыру (радиоактивті заттар) және тағы басқа мүмкіндіктерге ие.  Оған қоса, әскери-патриот­тық клуб мүшелеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары да көрсетілді.
Ал, іс-шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, яғни 50 дана планшет табыс ету көзделген. Оған қоса, жарысқа қатысушыларға ойын ережелері жазылған флешкалар, қалпақтар, жейделер үлестіріледі. Тағы бір ерекшелігі биылғы сайысқа алғаш рет Жастар саясаты жөніндегі басқармалардың басшылары, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері шақырылады. Оларға арнап әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі оқыту бағдарламасы ұйымдастырылады. Сайыстың жабылуы кезінде республикалық мектептер-интернаттардың тәрбиеленушілері қоян-қолтық ұрыс түрлерін көрсетеді. Авиациялық оқу орталығының оқушылары TL-2000, ZLIN-242 және Л-39 ұшақтарында өз шеберліктерін паш етпек. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің  Әскери-техникалық мектебінің оқушылары қатысады деп жоспарлануда. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"