Астана мектептері 10-сынып оқушыларының бес күндік оқу далалық жиыны аяқталды

Астанадағы «Отан қорғаушылар» мемориалының алаңында елорда мектептерінің 10-сынып оқушыларының 5 күндік оқу далалық жиыны аяқталды. Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей,  жиынға қатысқандардың 90 пайызы әскери қызметке қажетті дағдыны алу және ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге талпыныстары мен әзірліктерін  танытты.

«Жиын барысында бозбалалар іс жүзінде бастапқы әскери дайындық сабақтарында алған теориялық білімдерін, сарбаздың міндеттері мен іс-қимылдарын  орындауда шеберліктері мен машықтарын бекітті, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдер мен қозғалыстарды орындау пысықталды», - деді Астана қаласы Білім басқармасының бастапқы әскери дайындық жөніндегі әдіскері Сергей Шарипов.  Оқушылар ротадағы ішкі тәртіп туралы түсінік алды, атыс қаруының материалдық бөлігін, одан оқ ату амалдары мен ережелерін, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелерін зерделеді. Жиын қорытындысы бойынша «Үздік роталар» аталымында №56 орта мектебінің 2-ротасы бірінші орынды, №35 және №52 орта мектептерінің 4 және 8-роталары екінші орынды өзара бөлісті, №63, 54 және 53 мектептерінің 11, 9 және 5-роталары үшінші орынды иеленді.          «Мектептердегі бастапқы әскери дайындық оқушыларға әрі қарай әскерге қызмет етуге орналасу кезінде көмектеседі», - деп Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Бақтияр Пернебеков атап өтті. Іс-шараның соңғы кезеңі жиын қатысушыларының көрсетпелі көрсетілімдері болды. Олар дефиле, қоян-қолтық ұрыс, взвод құрамында қарусыз саптық айла-тәсілдерді орындау, әскерилендірілген эстафета және т.б. паш етті.  Естеріңізге сала кетейік, жиындар 11 мектеп пен 68665 әскери бөлімінің базасында өткізілді. Онда әскери қызметшілер оқушыларға әскери қызметтің беделі туралы айтып берді және қоян-қолтық ұрыстың машықтарын, жерді шартты лаңкестерден босатуды көрсетті, сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақтың көрсетілімін көрсетті. Жиынға елорда мектептерінің 10-сыныптардың 2200-ден аса оқушысы қатысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"