Батальон командирлері мен олардың орынбасарларының жиыны басталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен басқарма органдарының әзірлік жоспарына сәйкес, 28738, 30217, 36803 әскери бөлімдерінің оқу орталықтарында батальон (дивизион) командирлерінің және олардың орынбасарларының жиыны басталды.

Оқу жиынында атыс даярлығы, инженерлік, тактикалық, барлау дайындықтары, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, әскерді тылмен, техникамен, моралды-психологиялық жағынан қамтамасыз ету, әскери педагогика мен психология, зымыран әскері мен артиллерияның жауынгерлік қолданысы, әскердің автоматтандырылған басқару жүйесі, күнделікті қызметті басқару мен мәдени-демалыс бағдарламасы бойынша дәрістер ұйымдастырылады. Бұған қоса тәжірибелік сабақтар, жауынгерлік әзірлікті жетілдіру мақсатындағы әдістемелік конференция, тактикалық лездемелер жүзеге асады. Сабақтарды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшылығы басқармасының оқытушы-офицерлері өткізеді. Батальон (дивизион) командирлері мен олардың орынбасарлары Макаров пистолетінен атудан жаттығу орындап, дене әзірлігінен негізгі нормативтерді де тапсырады. Командирлік әзірлік жөніндегі жиынға «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының жауынгерлік әзірлік жөніндегі орынбасары полковник Асан Жүсіпов жетекшілік етеді.    

Жиын наурыздың 18-іне дейін жалғасады. Батальон (дивизион) командирлері мен олардың орынбасарлары жинақтаған білімдерін өз құрылымдарында офицерлердің кәсіби біліктілігінің артуына және жауынгерлік дайындық жөніндегі сабақтардың сапасының артуына жұмсайтын болады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"