«Батыс» өңірлік қолбасшылығының артиллериялық лагерлік жиынының қорытындысы нәтижелі

Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінің «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында сәуірдің 1-інен бері өтіп жатқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының артиллериялық лагерлік жиынын да қорытындылайтын сәт келіп жетті.

Артиллериялық лагерлік жиын жалпы төрт саты бойынша өткізілді. Біріншісі, ол әскери бөлімшелердің техникалары мен қару-жарағын темір жол көліктері арқылы эшелонмен әкелуі. Екіншісі, күнделікті лагерлік жиын аймағына орналасуы.Үшіншісі, артиллерия бөлімшелерінің белгіленген жоспар бойынша ату және атуды басқару, қорытынды сабақтары және тактикалық оқу-жаттығуларының өтуі. Төртіншісі, лагерлік жиынды аяқтап, күнделікті қызмет өткеру орнына оралуы.

Артиллериялық лагерлік жиынға Атырау қаласынан 41433, Ақтөбе қаласынан 30238, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданынан  және Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімдерінің артиллериялық бөлімшелері қатысты.

«Батыс» өңірлік қолбасшысының «Ракета әскері және артиллерия» жөніндегі орынбасары полковнигі Есбол Аманғожаевтың басшылығымен артиллериялық лагерлік жиын өткізілді. Лагерлік жиын қорытындысы бойынша 25744 әскери бөлімінің артиллериялық дивизионының 1 батареясы батареялық тактикалық оқу-жаттығуының қорытындысынан үздік нәтижеге қол жеткізді. Батарея командирі – гвардия аға лейтенанты Жасұлан Тұрсынбаев. Ал, АДн реактивтік батареясы ГРАД-1 9П-138 ұрыс машинасынан оттық тапсырманы орындап, белгіленген нысананың көзін жойды. Батарея командирі –  гвардия аға лейтенанты Айбол Әзімқұлов. Сондай-ақ, 41433, 30238, 99116 әскери бөлімдерінен келген артиллерияның жеке құрамы да жауынгерлік атысты орындап,  өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдай түсті. Олар тек жауынгерлік дайындықты емес мәдени-спорттық іс-шараларды демалыс күндері ұйымдастырып өткізді. Жалпы, лагерлік жиынның өткізілу мақсаты –  артиллерия жеке құрамының әрбір маман иесінің өз ісінің шебері болу, кәсіби шеберліктерін шыңдап, далалық жағдайға үйреніп, ұжымда әскери достастықты арттырып, өз отанының нағыз патриоты болуды қалыптастыру. Яғни, артиллериялық лагерлік жиын ойдағыдай ұйымдастырылып, белгіленген жоспар бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткіздік деп айтуға болады.

Гвардия капитаны Дастан КАРИМОВ

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"