Армия спортшысы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионы атанды

Орталық спорт клубының нұсқаушы спортшысы кіші сержант Гүлмира Сұңқар Шымкентте пауэрлифтингтен өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

Еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ден астам мықты зіл теміршілер үш пән бойынша жарысқа түсті. Атап айтқанда штангамен отырып тұру, жатып серпілу және екі қолмен ұстап, төмен созылған қол деңгейіне көтерілу.
Жарыс қорытындысы бойынша 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен әскери спортшы үздік жиынтық нәтиже көрсетті - 370 кг (отырып тұру - 132,5 кг, жатып серпілу - 75 кг, екі қолмен тарту - 162,5 кг).
«Өзімнің өнеріме тәнтімін. Осыған дейінгі нәтижелерімді жаңартып, 330 салмақтағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындадым. Жалпы, мұндай жарыстар салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдануды танымал етудің тамаша тәсілі деп санаймын», – деді ОСК спортшысы кіші сержант Гүлмира Сұңқар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

 Наземные дроны казахстанской армии

Наземные дроны казахстанской армии