Абылай хан – ерлік дәуірінің ерен тұлғасы

Абылай хан – ерлік дәуірінің ерен тұлғасы

Алаш жұртының тілегін ту ғып көтерген, намыс ғып қайраған, қысылғанда қай қазақ болсын есімін медет көрген, 18 ғасырда жоңғар езгісінде жұтылуға шақ қалғанда азаттық туын көтерген хан Абылайдың есімі елдің жүрегіне ет жақын. Оның батылдығы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсарлығы, даналығы, сергек те сезімтал көрегендігі туралы ел арасында кең тараған ғажайып аңыз-әңгімелер, шытырман хикаялар, тамаша жыр-дастандар аз емес.

Абылай – үш жүздің басын қосқан данышпан хан, алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер дипломат, жаумен айқаста жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы.

Биыл – Абылай ханның туғанына 300 жыл толды. Қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай ханның мерейін асқақтатуымыз керек. Егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіреткен шақта біз тамыры тереңде жатқан тарихымызды өзімізге де, өзгелерге де танытуға тиіспіз.

Мерейтой аясында  барлық Қазақстан және де басқа әлем төңірегінде қазақ халқының ұлы перзенті, көрнекті тұлға Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Осындай маңызды іс-шараның бірі 2013 жылғы 29 қазанда Ұлттық қорғаныс университетінің мемлекеттік тілді дамыту бөлімшесінде «Абылай хан – ерлік дәуірінің ерен тұлғасы» атты ауызша журнал ретінде де аталып өтті. Аталған журнал бес беттен тұрды.

«Ұлы хан халық жадында» тақырыбында тарих пәнінің оқытушысы Мадиева Алтын Қоныспайқызының жетекшілігімен Щучинск қаласының Педагогикалық колледжінің студенттері Арыстан Ақерке мен Асылбек Ақерке ауызша журналдың бірінші бетін ашты.

«Абылай хан – қазақ тарихындағы дара тұлға» деп аталатын ауызша журналдың екінші бетін Ұлттық қорғаныс университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессоры, университетіміздің ардақты да құрметті ұстазы Сатыбалды Ділманұлы Ділманов жалғастырды.

Жүзге, жікке, руға бөлмеген хан,

Екі сөзге егессе келмеген хан.

Иен даланың мәңгілік киесіндей,

Өзі өлсе де, рухы өлмеген хан, – дей отырып ауызша журналдың үшінші бетін «Абылай хан жайында сыр шертетін жырлар мен жазушылардың жыр-дастандары, аңыз-әңгімелері» атты тақырыпта мемлекеттік тілді дамыту бөлімшесінің оқытушысы Жалелова Ботакөз Естайқызы өз баяндамасын оқыды.

Абылай ханның сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, жау қашырған батыр екенін көпшілік білгенімен, оның дарынды күйші екенін біреу біліп, біреуі біле бермейтіні шын. Ауызша журналдың өткізілу барысында Абылай ханның халық аспаптар оркестрінің орындалуындағы «Шаңды жорық» күйі тыңдалды.

«Абылай ханның XVIII ғасырда қазақ хандығын нығайтудағы рөлі» деген тақырыппен ҚР ІІМ Ішкі әскерлер факультетінің аға оқытушысы майор Бауыржан Тілеужанов журналдың төртінші бетін ашты. Сонымен қатар, Абылайханның 300 жылдығына арналған Щучинск қаласында орналасқан «Мирас» көпбейінді мектеп гимназиясының оқушылары Мәден Лашын мен Ерасыл Теміров Абылай ханға арнаған өздерінің шығарған өлеңдерін оқып, ауызша журналға қатысқан көрермендердің жүректерін толғандырды.

Абылай хан қызғыштай қорып, тұмарындай тәу еткен, армандап кеткен Қазақ елінің Тәуелсіздігіне біздер, бүгінгі буын қазақстандықтардың жеткені үшін де шексіз тәубе айтып, бөлінуге бастайтын жершілдік пен рушылдық дертінен арылған жөн. Себебі, бүгінгі заманның жаңаша түрленген қауіп-қатері кешегіден кем соқпайды. Ендеше, Абылайдың арманына қазіргі Қазақстан қол жеткізгенін ерекше мақтан тұтып, ішкі ынтымағымызды, сүттей ұйыған татулығымызды сақтауға қызмет ету баршамыздың парызымыз.

Бүгінгі іс-шараның берер тағылымы мол. Абылайды тану арқылы біз өзімізді танымыз. Тамыры тереңде жатқан тарихымызды зерделейміз.

Осы іс-шараның барысында Абылай ханның тұлғасы жан-жақтан танылып көрсетілді. Әрине, қауым Абылай хан туралы біледі, дегенмен қазіргі  кезде жасы үлкен азаматтарымыздың  өсіп келе жатқан жас ұрпаққа мемлекетіміздің тарихын жеткізу, өзіміздің тәрбиелеп жатқан бала-шағамызға Абылай ханның және оның серіктестерінің ерліктерін, ұлтына, еліне деген сүйспеншіліктерін таныту және оларды еліміздің патриоттары етіп тәрбиелеу басты мақсатымыз болып табылады. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений