ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Бауыржан Момышұлының алғашқы наградасы

Бауыржан Момышұлының алғашқы наградасы

1942 жылдың 10 сәуірінде толтырылған аттестациялау парағында жазылған деректерге сүйенер болсақ, аты аңызға айналған батырды алғаш рет наградаға ұсынған екен.

Айтар болсақ, аттестациялау қағазында: «Капитан Момышұлы Бауыржан – қабілетті, қайратты, қайсар, өзіне және бағынысындағыларға талап қоя білетін командир. Неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарда жеке басының батырлығын және жанқияр қаһармандығын көрсетті. Шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін дивизия басшылығы жолдас Момышұлын жоғарғы үкіметтік наградаға – Ленин орденіне ұсынды. Жоғарғы ұйымдастырушылық қабілеттін меңгерген және полк бөлімшелерінің ұрыс қимылдарын ептілікпен басқарады. Полк командирінің орынбасары лауазымына сай және кезекті «майор» әскери атағын беруге лайықты» делінген. Өкінішке орай, аталған награда  Халық Қаһарманы, көрнекті қолбасшы, батыр Б. Момышұлының қолына тиген жоқ.

Ресми түрде ұсынылған награда жазба күйінде қалып қойды. Іс жүзінде орындалған жоқ. Себебі, белгісіз. Ал Бауыржанға Калинин майданы басшылығының 1942 жылғы 6 маусымдағы № 0196 бұйрығы бойынша берілген ең алғашқы награда Қызыл Жұлдыз ордені болатын.

Кіші сержант Қарлығаш АҚЫЛБЕКОВА


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах