2016 жылғы қыркүйектің 1-і мен 15-і аралығында 54835, 19132, 30153 және 55652 әскери бөлімдерінде ҚР ҚК озық авиациялық көздеушілерін әуеден қолдау бақылаушыларын оқыту бойынша курстық даярлық өтті.
Курстық даярлықты ұйымдастыру және өткізу үшін ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы басқармасы, ӘҚК бас командалық пунктінің Жауынгерлік басқару және авиацияның өзара іс-қимылы орталығының нұсқаушылық-оқытушылар құрамы тартылды. Сынақ тапсыру нәтижелері бойынша әскери қызметшілер практикалық өздігінен мақсат көрсетуге рұқсат алатын болады. Бұл курстар жыл сайын тасымалданатын байланыс құралдарымен жұмыс жасау сапасын арттыру, жұмыс картасында координаталарды айқындау және жерде бағдарлау, сондай-ақ, авиациялық бөлімшелерге басшылық етуде дұрыс дикцияны пысықтау үшін өткізіледі.