Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері балаларға экскурсия өткізді

97638 әскери бөлімінде «Жас армияшы күні» әскери-патриоттық іс-шарасы өтті. Аталмыш шараға Серебрянск қаласының №1 қамқорлығындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары жиналды.

Балаларға бөлім аумағында экскурсия өткізілді. Оларға 97638 әскери бөлімінің жауынгерлік жолы туралы айтып берді. Оқушылар казарманы, асхананы, медициналық пункт пен өзге де объектілерді аралап шықты. Арнайы жасөспірімдер үшін бөлім әскери қызметшілері плацқа атыс қаруының үлгілерін шығарды. Взвод командирлері Калашников автоматын (АК-74) толық емес бөлшектеу,  құрастыру және  биологиялық қорғау бойынша практикалық сабақтар өткізді.  Балалар қаруды қызығушылықпен қарады, оларға автомат пен тапаншаларды көру, қолмен ұстау және тактика-техникалық сипаттамасын білуге жақсы мүмкіндік туды. «Қазақстандық патриотизм – өз Отанының қауіпсіздігі мен болашағы үшін әрбір азаматтың саналы түрдегі жауапкершілігі. Бұл салт-дәстүрді, тарихты, мәдениет пен мемлекеттік символдарды құрметтеу, сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілік. Қарулы Күштеріміз жылдан жылға беки түсуде және жетілдірілуде, әскерлерге әскери техниканың заманауи үлгілері келіп түсуде, әскери кадрлардың кәсібилігі өсуде», - деді оқушыларға 97638 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Махамбетов. Бөлім қолбасшылығы жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беру үшін оқушылар үшін мұндай кездесулер мен экскурсияларды ұдайы негізде өткізіп тұратынын айта кеткен жөн. Бұл әсіресе, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында өзекті болып отыр.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"