ҚР Әскери әуе күштерінің авиабазаларында авиациялық нысанашылардың курстық дайындығы аяқталды

Алғаш рет Қазақстан Әскери-әуе күштерінің авиациялық базаларында ҚР ҚК әуеден қолдау бақылаушыларын оқытудың өңірлік қағидаты бойынша озық авиациялық дәлдеушілердің курстық даярлығы аяқталды.

Бұл курстар жыл сайын тасымалданатын байланыс құралдарымен жұмыс жасау сапасын арттыру, жұмыс картасында координаталарды анықтау және жерде бағдарлау, сондай-ақ авиациялық бөлімшелерге жетекшілік етуде дұрыс дикцияны пысықтау үшін өткізіледі. Осы қасиеттер әуе және жерүсті операцияларды өткізу кезінде кіріктіруді жетілдіру үшін қажет. Курстық дайындықты ұйымдастыру және өткізу үшін ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы басқармасы бас штабының оқытушы-нұсқаушылар құрамы тартылды. Курстық дайындыққа оқып-үйренушілер ретінде Ұлттық ұлан, Құрлық әскерлері және ҚР ҚК ӘҚК Парашюттік даярлық орталығының әскери қызметшілері тартылды.  Курстық дайындықтың қорытындысы бойынша ҚР түрлері мен әскер тектері және әскери құралымдары үшін 64 әскери қызметші дайындалды. Оның ішінде Әуе қорғанысы күштеріне арналған мамандар – 16 адам, Құрлық әскерлері – 18 адам, Әскери-теңіз күштері – 3 адам, 14776 әскери бөлімі – 19 адам және Ұлттық ұлан – 8 адам.  2016 оқу жылында озық авиациялық нысанашылардың курстық даярлығы 2016 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқару органдарын, құрамалары мен бөлімдерін даярлау жоспарына және ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының бұйрықтарына сәйкес өткізіліп жатқанын айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"