Қазақстанның әуе шептерін күзетуде

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде әйел әскери қызметшілер  Қазақстанның әуе шептерін күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік кезекшілікке түседі.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында айтқандай, олар әскери істің кәсіпқойлары болып табылады және бейбіт уақытта әрі кез келген ауа райы жағдайында шекараның қашықтығы 12,2 мың шақырымдағы еліміздің әуе кеңістігін күзету жөніндегі жауынгерлік кезекшілікте тұратын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің міндеттерін лайықты түрде орындайды.

«Армияда әйелдерді даңдайсыту, еркіне жіберу және жеңілдіктер жасау деген ұғым жоқ. Барлығымыз ең алдымен, әскери қызметшіміз және тиісті деңгейде болуға тырысамыз, Қазақстан Қарулы Күштерінің өзге де әскер тектерінің алдындағыдай әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің алдында өздерінің ерекше тапсырмалары тұр және олардың орындалуындағы біздің кәсіпқойлығымыздан көп нәрсе байланысты», - деп атап өтті келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Дина Түсіпова.

Жалпы алғанда, Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінде әйел әскери қызметшілер диспетчерлік қызметке, медицина мен байланысқа тартылғанын айта кеткен жөн. Бүгінде аталған әскер түрінің бөлімдері мен құрамаларында әскери қызметшілердің жалпы санының 25 пайызын әйелдер құрайды. Олардың ҚР ҚК ӘҚК әскерлеріндегі әскери еңбек өтілі 15-20 жылдан астам және жүздеген жауынгерлік кезекшілікті өткерген.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"