Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары «KADEX» көрмесінің қонақтарын таңғалдырды

Дәстүрлі «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі әркез сайын қонақтар мен қатысушыларды таңғалдыруда. Бүгін көрме жұмысының алғашқы күнінде әртүрлі елдердің қорғаныс ведомстволары басшыларының арасындағы кездесулер мен келіссөздерден кейін қонақтар мен қатысушыларға нағыз авиашоу көрсетілді.

ҚР Қарулы Күштері авиациялық техникасының демонстрациялық көрсетілімдері басталды. Әлемдегі ең салмақты екі қозғалтқышы бар тікұшақ болып табылатын, сондай-ақ авиация тарихындағы салмақты тікұшақтардың тізіміне кіретін Ми-8 әскери жаңғыртылған тікұшақ өзінің жауынгерлік қасиеттерін паш етті. Сонымен қатар, көк аспанда тарихи бояуы бар Як-130 оқу-жауынгерлік ұшағын байқамау мүмкін емес болды.  Бұл машина көп функционалды, онда ҚР Қарулы Күштері әуе авиациясының ұшқыштарын дайындайды. KADEX-2016 көрмесіндегі авиашоуға қатысып жатқан техника қазақстандық өндірістің авиациялық керосинінде аспанға көтерілетінін айта кетейік.   Пилотаж топтарының қатысуымен авиашоуды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның мұнай өндіру зауытымен барлығы 405 тонна авиаотын және 670 келі арнайы сұйықтық жеткізіледі.  «KADEX»  көрмесіне мұндай демеушілік қолдауды алғаш рет авиаотынмен қамтамасыз ету саласындағы мамандандырылған отандық компания «ҚазМұнайгАЗ-Аэро» ЖШС көрсетіп отыр. Барлық өнім көрме қатысушыларына ақысыз негізде ұсынылады. «KADEX-2016»  көрмесі аясында авиашоудың өткізілуіне байланысты халықаралық әуежайда ұшулардың уақыттық режімі енгізілді. Ұшулар келісіліп, үйлестірілуде, ал әуежай әдеттегі күн тәртіп бойынша  жұмыс жасап тұр.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"