ҚР Қарулы Күштерінің XIII спартакиадасы өз мәресіне жетті

Жақында ҚР ҚМ Кадет корпусы мен ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында ҚР Қарулы Күштерінің ХІІІ Спартакидасының қысқы кезеңі өтті. Спорттың бес түрінен сынға түскен 14 команданың арасынан жүзден жүйрік шыққандар жеңімпаз атанды.

Щучье қаласында өткен спартакиада шеңберінде кір тасын көтеру екісайысы, армрестлинг, Президенттік көпсайыс (қысқы үшсайыс), шаңғы жарысы (патрульдердің жарысы) және шахмат бойынша чемпионаттар өткізілді.

Кір тасын көтеру екісайысы – биыл тұңғыш рет эстафета тұрғысында ұйымдастырылды. Сайыс барысында әр командадан бес қатысушыға үш минут ішінде екі гірдің барынша көп жұлқи көтерілуін орындау қажет болды. Ол «Армия кір спорты» кір тасын көтеру екісайысы бойынша чемпионатқа қатысушылар №4 далалық киім нысанында өнер көрсетті) пәнінің ережелері бойынша өткізілді. Сөйтіп, аталмыш чемпионатта «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері бірінші орынды, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты екінші орынды және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үшінші орынды  еншіледі.

Армрестлинг чемпионатында да «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері алдарына жан салмады. Олар тағы І орынға қол жеткізді. Ал қалған екі орынды Аэроұтқыр әскерлері (ІІ орынды) мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты (ІІІ) өзара бөлісті.

Шахматтан өткен чемпионатта 14776 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірінші орынды иеленді.  Аэроұтқыр әскерлері бұл сайыста да екінші орыннан көрінді. Ал, үшінші орын Құрлық әскерлерінің Әскери институтына бұйырды.

 Президенттік көпсайыс бойынша чемпионаттың жалпы командалық есебінде Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері тағы да көзге түсті. Бұл жолы олар үздік атанды. Ал, екінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы иеленсе, үшінші орынды Құрлық әскерлерінің Әскери институты қанжығалады.

Шаңғы спорты  (патрульдердің жарысы) бойынша жеңістің бірінші тұғырында ҚР ҚМ Кадет корпусының әскери қызметшілері көтерілсе, екінші және үшінші орыннан Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы көрінді.

Сонымен,  ҚР ҚК XIII Спартакиадасы шеңберінде өткізілген чемпионаттар барысында алынған жүлделі орындар нәтижесінде сайыс жеңімпаздары былай болып анықталды. 

Бірінші орын иегерлері  – Құрлық әскерлерінің Әскери институты, екінші орын –  Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік инстиутына, үшінші орын Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілеріне бұйырды.  

«Бұл кезең ішінде күшейтілген дайындық жүрді. Курсанттар, әскери қызметшілер, офицерлер – барлығы мұқият дайындалды. Нәтижесінде Әскери институтымыздың командасы лайықты нәтиже көрсетіп, жалпы командалық бірінші орынға қол жеткізді. Командамыз жарақатқа ұшырамағанын айта кеткім келеді», - деді Құрлық әскерлері Әскери институты дене даярлығы кафедрасының бастығы  полковник Бауыржан Миров.

Айта кетейік, сайысқа мұрындық болған –  ҚР Қорғаныс министрлігінгің Спорт комитеті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

БПЛА: казахстанская  армия  развивает оружие будущего

БПЛА: казахстанская армия развивает оружие будущего

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года