«Батыс» ӨңҚ бөлімдері арасында қысқы спартакиада ойындары өтті

«Батыс» өңірлік әскерлері қолбасшылығы бөлімдері арасында қысқы спартакиада ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Осы спартакиадаға Ақтөбе гарнизонында орналасқан 30238 әскери бөлімінің спортшы-әскери қызметшілері спорт қызметінің бастығы капитан Бекболат Ахметовтың басшылығымен қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бөлімнің абыройын асқақтатып, басшылықтың сенімін ойдағыдай биік нәтижеде көрсете білген әскери қызметшілерге бөлім командирі подполковник Дәулет Қашқымбеков барлық жеке құрам атынан алғыс білдірді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қысқы спартакиадасында гірлік екі сайыс, армрестлинг (қол күресі), шахмат ойыны, президенттік үш сайыс, шаңғы жарысы 10 км. және шаңғы жарысынан эстафета болды.

Гірлік екі сайыс, армрестлинг, шахмат ойыны Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінде өтті.

Гірлік екі сайыс қорытындысы бойынша 30238 әскери бөлімнің әскери қызметшілері 73 кг. дейінгі салмақ санатында келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Н.Бижанов II орынға, 78 кг. дейінгі салмақ санатында лейтенант А.Картбаев – III орынға, 85 кг. дейінгі салмақ санатында келісімшарт бойынша сержант Б.Қосжанов – II орынға, 85 кг. дейінгі салмақ санатында келісімшарт бойынша сержант Р.Фурсов – III орынға және 95 кг. дейінгі салмақ санатында келісімшарт бойынша аға сержант К.Абугалиев III орынға ие болды.

Жалпы, гірлік екі сайыс қорытындысы бойынша ҚР ҚК біріншілігіне бөлімнің екі әскери қызметшісі (келісімшарт бойынша сержант Б.Қосжанов 85 кг. дейінгі салмақ санатында және келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Н.Бижанов 73 кг. дейінгі салмақ санатында) жолдама алды.

Армрестлинг (қол күресі) сайысы қорытындысы бойынша 30238 бөлімінің әскери қызметшілері: 60 кг. дейінгі салмақ санатында келісімшарт бойынша ефрейтор Б.Жаналиев – III орынға, 65 кг. дейінгі салмақ санатында келісімшарт бойынша кіші сержант Б.Пак II орынға ие болды.

Шахмат ойыны қорытындысы бойынша аға лейтенант А.Ақпанбетов пен  келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер С.Мақатов I орынды иеленді. Сөйтіп, команда ішінде 30238 әскери бөлімінің командасы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында I орын алып, бөлім командасы грамотамен марапатталды.

Шахмат ойыны қорытындысы бойынша ҚР ҚК біріншілігіне бір әскери қызметші жолдама алды, ол – аға лейтенант А.Акпанбетов.

Президенттік үш сайыс Ақтөбе қаласындағы 30238 әскери бөлімінде болды. Жарысқа 6 құрама команда қатысты. Оның нәтижесіне келсек, № 6 жас ерекшілік тобында келісімшарт бойынша аға сержанттар З.Макишов пен С.Коханов I  және III орынды иеленді. Ал, әйелдер арасында аға сержант Р.Сатыбалдиева (№ 7 жас ерекшілік тобында) мен кіші сержант Ж.Есіркепова (№ 8 жас ерекшілік тобында) I орыннан көрінді. Осы сайыста екінші орыннан көрінген әскери бөлім тағы да марапаттан құр алақан қалмады. Ал, ҚР ҚК біріншілігіне жолдама алғандардардың бәрі келісімшарттағы аға сержанттар. Олар – С.Коханов,З.Макишов және Р.Сатыбалдиева.

Сондай-ақ, шаңғы жарысынан да оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындарды өзара бөлісті. Шаңғы жарысының қорытындысы бойынша аға сержант З.Макишов пен аға сержант И.К.Мұқанов I, II орындарға ие болды. Бұл жарыс бойынша біріншілікке жолдама алған – аға сержант И.Мұқанов.

Жалпы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 2016 жылғы қысқы спартакиада кезеңінің қортындысында 30238 әскери бөлімінің командасы I орынды иеленіп, бөлім командасы грамотамен және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 2016 жылғы қысқы спартакиада кезенінің ауыспалы кубогымен марапатталды.

                                                                                                    

Аға лейтенант  Н.КУНАКОВ

30238 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"