Армия ойыншылары жүлдеден кенде емес

Баршаға мәлім, өткен аптада Тайланд астанасы Бангкокта күрес түрлерінен Азия чемпионаты және Анталия қаласында таэквондодан IV Еуропа чемпионаты болды.

Қазақстанның осыған дейінгі Азия чемпионаты нәтижелеріне көз салсақ,  алғаш 1993 жылы қоржынымызға түскен 7 медаль кейінгі жылдары екі еселеніп, 2012 жылы 14-ке жеткен екен. Ал, биылғы жылғы көрсеткіш – рекорд! Биыл Қазақстан жалпы екі алтын, жеті күміс және сегіз қола медаль алды. Сөйтіп, біз Азиядадан 17 медаль жеңіп алдық. Айта кетейік, алтындарды жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінің балуаны (75 келі) Досжан Картиков пен сайыстың соңғы күні еркін күрес шебері (61 келі)Дәлет Ниязбеков сыйлады.

Бір қуантарлығы, жүлдегерлер арасында АОСК командасының спортшылары бар. Соның ішінде қола жүлдеге ие болған ҚР ҚК қызметкерлері – 2015 жылғы СИЗМ Бүкіләлемдік армия ойындарының чемпионы 59 келі салмақта Мейрамбек Айнағұлов, 71 келі  салмақта Дархан Баяхметов және 80 келі салмақта ефрейтор Асхат Ділмұхамедов.

Мейрамбек жартылай финалда Таиландтың спортшысы Ритисак Правандты, ал Дархан Баяхметов Түркіменстандық Дидар Аманназаровты 11:2 есебімен ойсырата жеңіп, қола жүлдені қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, қола жүлде үшін бақ сынасуда халықаралық дәрежедегі спорт шебері ефрейтор Асхат Ділмұхамедов Қытайдың палуанын мерзімнен бұрын жеңді грек-рим күресінен жүлделі орынға ие болды.

Сондай-ақ, осы айдың сол аптасында өткен таэквондодан IV Еуропа чемпионатында да Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары жүлделерден кенде болмады. 700-ден астам спортшы қатысқан Анталиядадағы чемпионатта олар жүлделі орындардан көрінді. Сонымен, чемпионат барысында Қазақстан Республикасының таэквондодан спорт шебері кіші сержант Алмас Мұқажанов 5 кездесу өткізіп, 63 келі салмақта күміс медальға ие болды.  87 келіден жоғары салмақта чемпионаттың қола жүлдегері ҚР спорт шебері, келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Руслан Жапаров атанды. Жартылай финалда ол таэквондодан әлем чемпионы әзірбайжандық спортшыдан жеңіліп қалды.  
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Әлемдік жағдай қорғаныс саласына қайта қарауды қажет етеді

Әлемдік жағдай қорғаныс саласына қайта қарауды қажет етеді

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года