Студенттер оқу жиынына кірісіп кетті

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының 300-ге жуық студенті қорытынды оқу жиынына кірісіп кетті

Инфекцияны таратпауға бағытталған санитарлы-эпидемияға қарсы шараларды сақтау мақсатында оқу жиындары онлайн режимде басталды.

Студенттер әскери кафедраның материалды-техникалық базасын пайдалана отырып, жауынгерлік машиналарды жөндеу мен эксплуатациялау, атыс даярлығы, әскери техника мен қару-жарақты күту бойынша бір ай бойы білім алады. Оқу жиыны тамыздың 22-іне дейін жалғасып, бітіруші емтихандарды тапсырумен аяқталады. Сол күні оқу жиынының нәтижесі анықталады. Сондай-ақ, әскери кафедраның үздік түлектеріне де құрмет көрсетіледі.

Студенттердің оқу жиыны.jpeg

Айта кетейік, оқу процесі барысында жинақталған теориялық білімді іс жүзінде бекіту мақсатында өткізілетін қорытынды жиын студенттердің әскери дайындығының соңғы кезеңі болып саналады. Бұл Қарулы Күштер үшін оқытылған жұмылдыру ресурсын әзірлеу тұрғысынан алғанда маңызды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"