Әскери кафедра студенттері батырлар ерлігіне тағзым етті

Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихындағы маңызы зор оқиға – Мәскеу қорғанысы үшін шайқасқа 75 жыл толуына орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедра студенттері Жеңіс аллеясына гүл шоғын қойды.

Мәскеу қорғанысы үшін шайқасқа Қазақстан жерінде құрылған 312-ші, 316-шы, 238-ші, 391-ші, 387-ші атқыштар дивизиясы мен 74-ші және 75-ші теңіз бригадалары құрметті атаққа ие болды. Бұл ретте Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберіп, Отанын қорғау жолында ұрыс даласында түгелдей шейіт болған 28 панфиловшының, Алматыда жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон, полк командирі, кейін гвардиялық дивизияны басқарған,

 1941 жылы 27 рет шабуылға бастап шыққан, 5 рет қоршауды бұзып, аман-есен дивизиясына қосылған және 9 рет асқан ерлік үлгісін көрсеткен Бауыржан Момышұлының, автоматшылар ротасын басқарған  Мәлік Ғабдуллиннің, «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деп ұран тастаған саяси жетекші Василий Клочковтың қаһармандығын еске алмау мүмкін емес. 

238-ші атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан  Рамазан Аманкелдиев – аты аңызға айналған батыр Аманкелді Имановтың ұлы Ока өзенінің бойында, Серпухово түбінде қаза тапты. Бородино селосындағы жаудың әскери бөлімінің штабына еніп, 5 неміс офицерінің көзін құртқан және бірнешеуін тұтқынға алған Төлеген Тоқтаровтың да ержүректілігін елі ешқашан ұмытпайды. Жалпы, соғыс жылдары 13 мыңнан астам адам Кеңестер Одағының орден-медальдарымен марапатталғанын тарих беттері растайды. Ал, Мәскеуді қорғағаны үшін 1 миллионнан астам адамның кеудесіне медаль тағылды. Ержүрек 110 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның үштен бір бөлігі қазақстандықтар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"