Әскери кафедраның студенттері Ұлы Жеңіс күніне орай әскери марш өткізді

Семей қаласының Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетінің әскери кафедрасы алдағы Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне айрықша дайындалуды ұйғарған.

«Біз дәстүрлі түрде қалыптасқан баяндамалар мен концерттен алшақтап, студенттердің өтініштерін елеп ескере отырып, ашық есік күндері кезінде ағымдағы жылы әскери дайындық бойынша сабақтарда бозбалалардың жинақтаған дағдылары мен шеберліктерін паш етуді жөн көрдік», - деді әскери кафедрада.  Аз уақыт ішінде жоспарлы оқу бағдарламасын іске асыра отырып, әскери білімді бірінші жыл игеріп жүрген студенттер айла-тәсілдер мен іс-қимылдарды жақсы үйреніп алған және көпшілік меймандардың алдында ұштаған білімдерін көрсетті. Оларға марш өткізуге тура келді. Бозбалаларға әскери кафедрада оқып жүрген кездерінде қандай жетістіктерге қол жеткізгендерін іс жүзінде көрсету қажет еді. Қарусыз саптық айла-тәсілдер мен АКМ автоматтарымен дефиленің көрсетілуі, таңғы дене шынықтыру мен гимнастикалық қалашықта сабақтардың ұйымдастырылуы қонақтар мен бірінші курс студенттерінің көпшілігінің таңдайын қақтырды.   Қарсыластың жаппай қырып-жою қаруын қолдануы кезінде әскери қызметшілердің іс-қимылдарды орындауы кезінде бірден үш норматив пысықталғанын айта кетейік.  Сондай-ақ бір уақытта, оның ішінде жабық көзбен  АГС-17 автоматты гранатаатқышты, автоматты (қол оқшашарын, Драгуновтың мерген винтовкасын) толық емес бөлшектеу және құрастыру бойынша жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар әскери радиостанцияларды ретке келтіру жүріп жатты, саптық есептоппен үш қатарға танкіге қарсы миналарды орнату жүзеге асырылды, запастағы полковник Ғ.Т. Жүнісовтің басшылық етуімен жорықтықтан ұрыс қалпына артиллериялық жүйені ауыстыру және шартты қарсылас танктерінің шабуылының тойтарысы бойынша студенттердің іс-әрекеттері пысықталды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"