Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері тексерілді

Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың ұйымдастырылуын, әскери техниканың ұсталуын, сондай-ақ әскери қалашықтар инфрақұрылымының жай-күйін тексерді.

55524 әскери бөліміне жұмыс сапары аясында ол Қарулы Күштерге жаңа үлгідегі қару-жарақ пен әскери техниканың, қосалқы бөлшектердің жеткізілу барысымен танысты.
Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бөлім командирлерінің ерекше назарын мереке күндері қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті, диверсияға қарсы қауіпсіздікті, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті сақтауға аударды.
Қорғаныс ведомствосының басшысы жұмылдыру дайындығын жетілдіру, жағдайдың кенеттен өзгеруіне ден қоюға дайындық қажеттігін атап өтті.
Бұдан өзге, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау, жеке құрамның сырқаттануын алдын алу, сондай-ақ әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

 Наземные дроны казахстанской армии

Наземные дроны казахстанской армии