Әскерилерге ҚР Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің артықшылығы түсіндірілді

«2016 жыл – әскердегі құқықтық мәдениет жылы» аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 35804 әскери бөлімінің барлық деңгейдегі әскери қызметшілерімен кездесу болды.

Бөлімнің әскери қызметшілерімен кездесуге Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты Нұрлан Заңқанов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға офицері әділет капитаны Серік Сағадиев келді. Әскерилерге ҚР Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің артықшылығы, әскери қызметшілерге қолданатын жазаның жүйесі, «Бостандықты шектеу» мен «қамауға» алмастырылған «Гауптвахтаға жабу» жазасы жан-жақты түсіндірілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген «Миранда ережесі» туралы да айтылды. «Әкімшілік құқықты бұзған жағдайда әскерилер қандай жауапкершілікке тартылады, әсіресе көлік жүргізетін әскерилер мен олардың көлік құралдарына нендей талаптар қойылады?» деген сұрақтарға сапалы және түсінікті деңгейде жауап берілді. Жаңа редакция қылмыстық процестің оңтайландырылуымен және үнемдеудің артуымен, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендірумен және азаматтардың конституциялық құқын барынша қорғаумен ерекшеленетіні де жеткізілді. Кездесуде 2015 жылы 23 желтоқсанда қылмысты іздестіру және басқарманың әскери органдарының үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітілген 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықты сауықтырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың мәселелері талқыланды. Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының өкілдері Қазақстан армиясының имиджін барынша ақпараттандыру, Отан қорғаушылар мен өскелең ұрпаққа құқықтық және әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту жөніндегі кең көлемді жұмыстардың ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"