"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында тәртіп пен құқық мәселесі талқыланды

Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Ермек Жаңатаевтың төрағалығымен кеңейтілген кездесу отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша 2015 жылдың жұмысы қорытындыланып, 2016 жылдағы тапсырмалар анықталды. Шараға Тараз гарнизонының әскери қылмыстық қудалау органдары, әскери бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары, заңгерлер, қаржы қызметшілері, психологтар және әйелдер кеңесінің төрайымдары қатысты.

Әскери прокурор мәжіліс жұмысын ашып, өткен жылда құқық қорғау және сот жүйелері жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдылықтар жағдайында жұмыс істегендігін атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде әскери тәртіп пен құқық тәртібі мәселесіне де айрықша назар аударды. Жаңа Қылмыстық кодексті қолдану ерекшеліктерін ескере отырып, Елбасы айқындап берген «құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» бағдары ерекше орын алатынын, ал әскери қызметшілер үшін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өмір сүру күнделікті тіршілік қалпына айналуы тиіс екендігін айта кетті. Әскердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша үш жылдық бағдарлама мен «2015 – өзіне-өзі қол жұмсауды ескерту жылы» жалпыреспубликалық жобасының нәтижелі жүзеге асырылғаны да назардан тыс қалған жоқ.

Кездесу қорытындылары бойынша 2015 жылы орын алған құқық бұзушылықтардың себеп-салдары талқыланып, оны реттеу бағытында жұмыстар айқындалды. Жиын барысында Тараз гарнизоны әскери басқару органдары жетекшілеріне әскери қызметшелердің қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыстық теріс қылық, қаза болу, жарақат алу және өзіне өзі қол жұмсауды болдырмау жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.

                                                          Майор С.Айдарбек, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"