Жас сарбаздардың келуі басталды

Гвардейск гарнизонына шақырылған жас сарбаздар әскери бөлімдерге келген сәттен бастап әрқайсысы медициналық тексерістен өтеді және арнайы тағайындалған медициналық қызметкерлер жас сарбаздарды коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР (ПЦР) тестен өткізеді. Жас сарбаздарды әскери бөлімге алып келген офицерлер мен сержанттар, олармен бірге облыс бойынша өз алдына жеке 14 күндік мерзімде карантинге гигиеналық талаптары сақталған казармаларға орналастырылады. Яғни, әр облыс жеке қашықтықта болады. Жас сарбаздар тұратын казарма үй-жайларға күнделікті дезинфекциалық жұмыстары жүргізіледі. Әрбір жас сарбаз бетпердемен қамтамасыз етіледі және бетперденің жаңартылып киюлері қадағалауға алынады. Әр сарбаздың денсаулығы белгіленген тәртіппен күнделікті тексеріледі және лауазымды тұлғалар оларды қатаң бақылауға алады. Медициналық қызметкерлер карантин режимінің талаптарын сақтай отырып, коронавирус инфекциясын жұқтырмауды қамтамасыз етеді.

14 күндік карантин мерзімі аяқталған соң тиісті құжаттар рәсімделіп, психологиялық жұмыстар ұйымдастырылып жүргізіледі. Офицерлер мен сержанттардан тағайындалған жас толықтыру жиынының әкімшілік құрамы жас сарбаздармен жеке сұхбаттасу жұмыстарын жүргізе бастайды. Сонымен қатар оқу тәрбие процесінің жоспарына сәйкес жас сарбаздармен бастапқы дайындық сбақтары ұйымдастырылып өткізіледі. Атқарылатын барлық іс-шараларды әскери бөлім командирлері бақылауға алады. Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде COVID-19 індетіне қарсы алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып жүргізілуде. Карантин режимін қатаң сақтау да қадағалануда.

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

майор Ж.ТАЖИХАНОВ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

 Наземные дроны казахстанской армии

Наземные дроны казахстанской армии