Генерал-майор Мұхамеджан Таласов: Ел ертеңі – айбынды жас сарбаздар

Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Бүгінгі күні әскері де, технологиясы мен білімі дамыған мемлекеттің жастары да заманға сай болуы қажет. Осы тұста, жастардың спортқа қызығушылығының артқанын, Отан алдындағы парызын өтеуге деген қызығушылық көрсеткішінің күн санап ұлғайып келе жатқанын көре аламыз. Бұл жағдай бүгінгі күні дәстүрге, жастар тілімен айтқанда «бренд»-ке айналды.

Ағымдағы жылы да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізіп, әр түрлі мемлекеттердегі жас сарбаздар ұйымдарымен халықаралық достастықты арттыру және Қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастығын арттыру мақсатында 2017 жылдың 12 және 17 маусым аралығында «Спасск» оқу жаттығу орталығында Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі. Идеялық-тәрбиелілік бағыттағы бұл жиынға Қазақстанның барлық аймағындағы және өзге мемлекеттердің республикалық (облыстық) мектеп-интернатының, әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысады.

Жиынның басты міндеттерін де атап өткен жөн. Бұл жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардың іс-қимылын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери қызметті өтеу кезінде қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру, сондай-ақ жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, дене, әскери-қолданбалы және техникалық даярлықты жоғарылату.

Тарихи, тәрбиелік мағынасы бар, жалпы мемлекеттік көлемдегі «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі – бүгінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие бере отырып, туған жерін қорғауға әрқашан дайын болатын жастарды дайындайды.

Биыл, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына арналған. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен,  Астана және Алматы, облыс әкімдіктерінің, ҚР-ның Қорғаныс министрлігінің  «Әскери-техникалық мектеп» мемлекеттік республикалық қазыналық кәсіпорыны,  «Жас сарбаз» Республикалық штабы, Қазақстан жастар Конгресінің  қолдауымен өткізіледі, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында  атқарушы органдар үшін арнайы үлгілік ұсыныстар әзірленіп аймақтарға жіберілді.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны екі жыл қатарынан өткізілді, биылғы жылы Халықаралық мәртебе алып отыр. Аталмыш жастар жиынына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мемлекетінен командалар қатысады.

Сонымен қатар «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында Қорғаныс министрлігі орталық және аймақтық атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе еліміз бойынша «Жас сарбаз» Республикалық балалар-жасөспірімдер қоғамдық қозғалысын жандандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, барлық аймақтық әскери-патриоттық клубтардың жұмысын орталықтандыру, «Жас сарбаз» Республикалық штабының жұмысын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық  орталығы «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ресми сайтын іске қосты.

Сайтта Халықаралық жиын туралы, жиынға қатысушы  командалар мен қатысушыларға қажет ақпараттар (жарыстардың өткізілу ережесі,  регламент, жиын ережесі, жиын басшылығының құрамы т.б.) толтырылған. Сайтта «Айбын» әскери-патриоттық жиынының өзге жылдардағы сурет және видеоматериалдары да бар. Кез келген жас азамат, өз үшін танысып, жүктеуге де мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, әрбір жас азаматтың Отан алдында азаматтық міндетін өтеу мақсатында, азаматтық мақсатта белсенді болуы үшін өзге де мемлекеттік ұйымдар және азаматтық қоғаммен қарым-қатынас болу үшін үкіметтік емес ұйымдар туралы ақпараттар да бар. Әрбір ұйым, «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының басты ұйымдастырушылар санатында.

Биылғы жылғы «Айбын» жастар жиынының өзге жылдардан басты ерекшелігі барлық аймақтық республикалық әскери-патриоттық клубтарды бір ортаға топтастырып, жұмыстарын орталықтандыру, жүйелендіру, өзіндік белгілері бар, арнайы жобамен дайындалған арнайы формамен қамтамасыз етілуі.

 

Осы жұмыстардың  нәтижесі көп создырмай өз жемісін де беріп жатыр. Мәселен, соңғы жылдары әскери-патриоттық клубтардың саны 12 есеге көбейді (177 ден 2229- ға), ал оқушыларды қамту 66 %-ға өсті (38 000-нан 63 000-ға дейін) өсті. Бұл көрсеткіштер жәй көрсеткіштер емес, жастардың өз уақыттарын пайдалы түрде пайдаланып, бос уақыттарында білімге, әскери ісіті меңгеруге деген қызығушылықтарының артқанының белгісі деп түсінген жөн.

Жиынның міндеті мен ұстанымы

Жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дәріптеу, дене шынықтыру, спортқа баулу жұмыстарын күшейту, спорттық шеберлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар оқушылардың дене даярлығының деңгейін көтеру – Қарулы Күштерінің басты ұстанымы. 

           Бұл тұрғыда спортқа машықтандыру және интеллектуалдық қабілетін арттыру мақсатында жарыстар, таныстырылымдар, көрмелер, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Негізігі мақсаты: бүгінгі жастардың бойындағы патриоттық сана сезімді ояту, Қазақстан тарихы бойынша білімдері мен ойлау қабілеттерін және шығармашылық ынталарын  анықтау, танымдық белсенділігін арттыру, инженерлік-техникалық міндеттерді орындау қабілеті мен достық қарым-қатынаста әрекет етуге баулу, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу.

 

Жиында өтетін жарыс түрлері

Әрине, өткен жылға қарағанда бұл жылы көптеген өзгерістер енгізілді. Жиын бағдарламасы «Эрудит» интеллектуалды ойыны, «Менің роботым» роботехникалық конкурсы, пневматикалық винтовкадан атыс, белағашқа тартылу, әскери кросс, командалық пейнтбол ойыны, мега-арт «Айбын дауысы» фестивалі, «World of tanks» компьютерлік ойынын қамтиды.

Жиынның ресми ашылуы 13 маусымға жоспарланған. Халықаралық жиынның салтанатты ашылуында 22750 ә/б әскери қызметкерлерінің қоян-қолтық ұрыстарын, Құрмет қарауыл ротасының шеберліктерін, арнайы мамандандырылған жасақтардың көрсететін көріністерін, артиллерия және авиация қолдауымен көрсетілетін әскери эпизодтарды, Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебінің мотоциклистерінің шеберлігін  тамашалайтын болады.

«Айбын» жастар жиыны отансүйгіштіктің, достықтың, тұлға болып қалыптасудың шынайы мектебі. Біз – бірлік туын берік ұстаған, баршаға үлгілі көп ұлтты елміз. Сондықтан да біз үшін жастардың рухани-адамгершілік және дене тәрбиесімен әскери қызметке дайындығымен айналысуы өте маңызды. Бұл өз кезегінде мемлекетке жастарды патриоттық тәрбиелеудің жаңа моделін қалыптастыруға көмектеседі әскери-патриотттық ұйымдар қозғалыстарын жандандыру жұмыстарын атқарады және балалар мен жастарды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған жобаларды іске асырады.

Генерал-майор Мұхамеджан Таласов

ҚР Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"