Жас сарбаздар адал болуға ант етті

30212 әскери бөлімі 1-оқу танк ротасында жас сарбаздардың салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараға аймақтық қолбасшылық өкілдері, ардагерлер мен әр өңірден шақырылған сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Отанға адал болуға ант бергендердің бірі - Алмас Шалтықов. 20 жастағы сарбаз Солтүстік Қазақстан облысы, Кішкенекөл ауылының тумасы. Ол әскери борышын өтеп жүргенін мақтан тұтады.

«Ант қабылдау – әрбір әскери қызметші үшін қасиетті рәсім. Жас сарбаздар елінің, туған туыстарының, бүкіл азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға серт беріп, жауапкершілікті сезінеді. Осылайша, біз айналаға адалдығымызбен, батылдығымызбен үлгі боламыз»,-дейді ол.

Осы іс-шараға Алмастың анасы да келіпті. «Әскери борышты өтеу азаматтардың ар-намысының көрсеткіші. Бұл кезде жас жауынгерлер адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, жеке тұлға болып қалыптасады. Ұлым ағасы Ерлан сияқты, әскери қызметтің қыр-сырына қанығып, азамат ретінде қалыптаспақ. Алдағы уақытта келісімшарт бойынша қызмет етем деген ойы бар», дейді Гүлжауар Шалтыкова.

Іс-шара соңында ант қабылдаған жас сарбаздар сапта жүру тәртібін көрсетті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"