ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің боксынан ІІІ ашық турнир басталды

Астанада «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің боксынан ІІІ ашық турнир басталды. Турнирге денсаулық жағдайы бойынша офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатыса алады.

«Бокс – бұл еліміздегі сұранысқа ие спорттың бір түрі. Бұл спорт түрінде былғары қолғап шеберлеріміз халықаралық аренада үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Спорттың аталмыш түрі Қарулы Күштерінің жүйесінде де танымал болып келеді. Бұл турнирдің алдында бөлімдер мен құрамаларда, өңірлік қолбасшылықтарда, тікелей бағынысты бөлімдерде үздік боксшыларды іріктеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінде біз боксты ғана емес, сонымен бірге Қарулы Күштері өкілдерінің дене даярлығын тамашалаймыз. Себебі, дене төзімділігі – бұл жауынгерлік даярлықтың, Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік әзірлігінің бір бөлігі болып келеді», - деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы,  генерал-майор Сәбит Құдайбергенов. Турнир AIBA халықаралық бокс федерациясының халықаралық ережелері бойынша өткізіледі.  Команданың құрамы – 10 адам (8 спортшы, 1 өкіл және 1 төреші). Сайысқа 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 келіге дейінгі және 91 келіден жоғары салмақтағы қатысушылар қатыса алады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

БПЛА: казахстанская  армия  развивает оружие будущего

БПЛА: казахстанская армия развивает оружие будущего

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года