Әскери қызметшілер арасында үстел теннисінен чемпионат аяқталды

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының VI Спартакиадасының қысқы кезеңі шеңберінде үстел теннисінен чемпионат аяқталды.

Онда ерлер мен әйелдер арасындағы жеке сынақ, ерлер, әйелдер арасындағы командалық жұп, сондай-ақ, аралас жұп арасында бақ сыналды.

Сөйтіп, турнир нәтижесі бойынша Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері арасында жалпы командалық есепте Ұлттық қорғаныс университетінің командасы жеңімпаз атанды. Аталмыш білім ошағы ҚР Қарулы Күштері бас басқармаларының әскери қызметшілері арасында да көшбасшылар қатарында.  «Командамыз күн сайын соққы дәлдігі мен қозғалыс үйлесімін пысықтай отырып, чемпионатқа бар күш-жігерін салып дайындалды. Барлық қатысушылар  сайысқа дайындалуға шындап кірісті.  Жарыста жеңіс тұғырынан көрінуге тәртіптілігіміз бен командалық рухымыз демеу болды!», - дейді ҰҚУ дене даярлығы кафедрасының бастығы  подполковник Ерік Әбілмәжінов.

Екінші орынды 19132 әскери бөлімі еншілесе, үшінші орынды Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы қанжығасына байлады.  ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҚК Бас штабының департаменттері мен басқармалары арасында бірінші орынды Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті иеленді.

 Спорт қазақстандық армияда әскери қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Жауынгерлік әзірлікке ықпал ететін фактор ретінде әскери қызметшілердің дене даярлығына, ҚР ҚК-де бұқаралық және кәсіби спортпен шұғылдануға ерекше көңіл бөлінеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

БПЛА: казахстанская  армия  развивает оружие будущего

БПЛА: казахстанская армия развивает оружие будущего

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года