Елордада шаңғы жарысы өтті

Нұр-Сұлтанда Қарулы Күштердің XI спартакиадасы аясында Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб құрылымдық бөлімшелерінің арасында шаңғы жарысы өтті.

Төрт адамнан құралған команда армия шаңғысымен, қарумен және әскери киіммен бір-біріне эстафетаны беру арқылы қашықтықты бағындырды. Жарысқа барлығы 28 департамент пен басқарманың 112 әскери қызметшісі қатысты.
«Шаңғы дайындығы әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының бір бөлігі болып табылады. Біз шаңғымен жүгіріп, қарудан атуды жүргіземіз. Шаңғы – қыста өтуі қиын жерлерде пайдалануға арналған құрал. Ол бөлімшенің  жүру жылдамдығын біршама ұзартады», – атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының  бастығы Айталап Қорғамбаев.
Боран мен шаңғы жолдарын қар басуына қарамастан Қорғаныс министрлігі мен Бас штабының әскери қызметшілері өздерінің  ауқымды әскери қызмет тәжірибесі мен жоғары дене дайындық деңгейін көрсетті, сондықтан шаңғы эстафетасы қызықты өтті.
Департаменттер арасында – арнайы операциялар күштері департаменті, басқармалар арасында – Әскери полиция бас басқармасының әскери қызметшілері жеңіс тұғырынан көрінді.
«Бәрі де шаңғы жарысында команданың үйлескен жұмысына байланысты екенін атап өткім келеді. Біздің команда өте мықты, әрі тату. Бұл жеңісті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймыз», – жеңіске жеткен команданың өкілі майор Марлен Әбілмажінов.




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба