Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері балаларға арнап мереке өткізді

Жаңа жыл қарсаңында әскери қызметшілер Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап сахналанған бағдарламамен нағыз мереке ұйымдастырды.

Шектеу шаралары мен санитариялық-эпидемиологиялық норма талаптары балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге арнап мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен нағыз шоу-бағдарлама жасауға кедергі келтірмеді.
«Жаңа жыл қарсаңында және «30 игі іс» акциясы аясында «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Әскери-патриоттық орталық балаларға сыйлықтар беруді ұйымдастырды, балалар үйі аумағын қардан тазартты. Осы іс-шараның мақсаты балаларға жылулық сыйлау, өскелең ұрпақтың бойына игілік іс жасауды дарыту», – деді «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы капитан Мейірбек Меңдіғалиев.
Қорғаныс министрлігі мұқтаж жандарға және халықтың аз қамтылған тобына қол ұшын бере отырып, осы сынды акциялар мен іс-шараларға ұдайы қатысады. Бұл балалар ата-анасының қамқорлығынан айырылған. Пандемия кезінде балалар назардан тыс қалмас үшін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, қолдан келген мүмкіндікті жасайды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Казахстан планирует закупить турецкие ударные дроны

Казахстан планирует закупить турецкие ударные дроны

БПЛА Wing Loong

БПЛА Wing Loong