«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты 1-ші сыныпты сержант Ғалымжан Таукебаевтың төрағалық етуімен 44793 әскери бөлімінде сержанттар кеңесінің отырысы өтті.
Сержанттар кеңесінің отырысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттар құрамының 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы әскери тәртібінің жай-күйі, қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердегі жауынгерлік әзірліктің жетістіктері мен кемшіліктері, сондай-ақ, қатардағы және сержанттар құрамының лауазымындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді аттестациялау жұмысының барысы талқыланды. Оған Семей гарнизонының әскери бөлімдерінен 32 сержант қатысты. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының нұсқаушы-сержанттары 1-сыныпты сержант Бахытбер Нармұханов пен 1-сыныпты сержант Нұрболат Оқасов баяндама жасады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты 1-ші сыныпты сержант Ғалымжан Таласбекұлы Таукебаев отырысты қорытындылап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кеңестің соңында қызмет барысында жіберген кемшіліктері үшін сержанттар тыңдалып, сержанттар құрамына жүктелген келесі тоқсанның міндеттері де пысықталды.