"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында командалы-штабтық жаттығу аяқталды


ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы Басқармасының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің бастығы полковник Тәттібек Самаевтың жетекшілігімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 35804 әскери бөлімінде өткен командалы-штабтық жаттығу қорытындыланды.

Командалы-штабтық жаттығудың ерекшелігі сол, дағдарыс жағдайында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс жөніндегі міндеттерді жүзеге асырудағы құрылымдардың қимылын меңгеруге арналды. Онда жауынгерлік әзірлік, дабыл бойынша әрекет ұйымдастыру, әскери қару-жарақ пен техника, тәртіп пен моральды-психологиялық жағдай мәселелері тексерілді. 

Жаттығу жетекшісінің шартты өкіміне сәйкес, әскери бөлімнің қолбасшылығы белгіленген шартты ауданға маршты жүзеге асыру жайында оқу-жауынгерлік тапсырмасын алды. Командирлер зақымданған жерге барлау жүргізу және әскери техниканы арнайы залалсыздандыру секілді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс жөніндегі негізгі қызметтерімен қоса, карта бойынша міндеттерді де орындады. Полковник Тәттібек Самаев атап өткендей, командалы-штабтық жаттығудың командир мен рота командирлерінің теориялық білімін арттырып, оны тәжірибе жүзінде бекітуге көмегі тиді. 35804 әскери бөлімінің базасында тұңғыш рет ұйымдастырылған командалы-штабтық жаттығуда бөлім командирі майор Расул Құрбанов, командирдің орынбасары – штаб бастығы аға лейтенант Дархан Қазанғапов, арнайы залалсыздандыру ротасының командирі капитан Оралхан Оразымбетов жақсы жағынан көрінді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"