«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында курсанттар тәжірибеден өтті

ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери институтының 3-ші курс курсанттары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

   Подполковник Серік Әділбекұлы Рамазанов басқаратын әскери бөлімде курсанттардың тәжірибелік сынағы 20 қыркүйек пен 15 қазан аралығында болды. Курсанттар Талғат Есетов, Сәбит Қарымтаев, Бекжігіт Омарбеков, Ербол Жолбарысов, Данияр Битілеуов топ командирі лауазымында шыңдалды. Сынақтың соңғы күні бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Думан Бушанұлы Біләлов әрқайсысының қолын алды. 

Олардың болашақта әскери қызметте кездесетін қиындықтарды қайраттылықпен жеңе алатындарына сенім білдірді. Бүгінгі заманның талабына сай әскери қызметшінің келбетін қалыптастырып, кәсіби біліктілік, жоғары тәртіп пен жауынгерлік дайындықты одан әрі арттыруға күш салатындарына да үміт артты. Еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік даңқын арттыруға бағытталған міндеттерді орындауға дайын болуға шақырып, сәттілік тіледі. Әскери бөлімдегі курсанттарды тәжірибеден өткізу шарасы тиісті деңгейде ұйымдастырылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"