Семейдегі әскери кафедра туған күнін атап өтті

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедрасының құрылғанына 5 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Әскери кафедра ҚР «Қазақстан Республикасындағы Қарулы Күштер мен қорғаныс туралы» Заңының 7-ші бабының 7-ші тармағына сәйкес, Үкіметтің 2011 жылы 27 тамыздағы 977-ші Қаулысының негізінде ашылды. ҚР қорғаныс министрлігі мен ҚР білім және ғылым министрлігінің жауапты тұлғалары әскери кафедраның штаттық кестесін бекітті. Запастағы полковник И.С.Лагус (бұрынғы бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары), запастағы полковник Г.Т. Жүнісов (бұрынғы артиллериялық бригаданың командирі), отставкадағы подполковник А.Ю.Иванов (бұрынғы жалпыәскери тәртіп пен тактика бойынша оқытушы), подполковник  Г.К. Қарамұрзин (бұрынғы артиллериялық дивизионның командирі), запастағы майор Н.К.Томпаев (бұрынғы байланыс бөлімінің офицері), запастағы майор В.Ф.Кузьмин (бұрынғы жеке барлау-артиллериялық дивизион командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары), запастағы майор А.Т.Манасов (бұрынғы бригаданың кадр бөлімшесінің бастығы), ал, әскери кафедраның инженері ретінде запастағы подполковник М.К.Мақадиев тағайындалды. Алғаш рет ұйымдастырылған байқауға 232 студент қатысты. «Мотоатқыштар құрылымдарында тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру», «Армиялық артиллерияның жауынгерлік қолданылуы» және «Бөлімдер мен құрылымдарда радиобайланысты ұйымдастыру» секілді үш әскери-есептік мамандық бойынша студенттерді оқыту жоспарланды. Бүгінгі күні жалпы аумағы 1, 36 га құрайтын әскери кафедраның үш қабатты оқу ғимаратында барлық жағдай жасалған. Бұған қоса әскери кафедрададан 700-1000 метр қашықтықтағы орманды-жазық дала оқу бағдарламасының тиімділігіне айтарлықтай ықпал етеді. Айта кетейік, кафедраның аумағындағы артельдің медициналық кешеніне 1984 жылы космостан кейінгі алғашқы сауықтыру-емдеу шараларын қабылдаған ұшқыш-космонавтар В.И. Севастьянов, М.Л.Попович, П.Р.Попович жоғары баға берген. Олардың құрметіне қойылған мемориалды тақта мен естелік жазуы бар гранит тасы әскери кафедра ғимараттарының бірінде сақтаулы.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедрасы

   Кафедра ұжымын туған күнімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының атынан ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов құттықтады. Салтанатты жиында бірқатар әскери бөлім командирлері мен озат студенттерге «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедрасына 5 жыл» естелік медалі табыс етілді. Студенттер «Атлетизм, табандылық, батылдық» алқабында отқа оранған шеңбердің ортасынан секіруден күштерін көрсетті. Меймандардың назарына концерттік бағдарлама да ұсынылды. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"