ҚР ҚК-нің саперлері мен инженерлері арасында АрМИ-2016 ойындарына қатысуға іріктеу басталды

ҚР Қарулы Күштерінде  Алматы облысындағы 10228 әскери бөлімінің «Жағалау» оқу-жаттығу орталығының базасында Армия халықаралық ойындары шеңберінде ҚР Құрлық әскерлерінің инженерлік бөлімшелері арасында байқау басталды.

Байқау «Қауіпсіз бағдар» және «Инженерлік формула» атты екі бағыт бойынша өткізіледі. Бұл екі байқауға ҚР ҚК инженерлік әскерлерінің әскери қызметшілері алғаш рет қатысып отыр. «Қауіпсіз бағдар» – бұл техникада қозғалысты қамтамасыз ету жасағы құрамында инженерлік-саперлік бөлімшелердің сайысы. Саперлер байқау шеңберінде өткелді, миналық алаңды минасыздандыруды жүзеге асырады, әскерлерге арналған жол төсейді. Әскери қызметші инженерлер танкіге қарсы ор арқылы көпір салады. Сайысқа шұңқырды көміп тастайтын жол төсегіш, орман үйіндісін тырнауышпен жинап алатын инженерлік қоршау машинасы тартылады. Байқау эстафетамен аяқталады. Қазақстандық әскери қызметші инженерлердің  аттанатын екінші байқауы – ол «Инженерлік формула» - инженерлік техника экипаждарының сайысуы.  Оған қазаншұңқыр машинасының, жол төсегіштің, инженерлік қоршау машинасының, сондай-ақ жүзбелі транспортердің экипаждары тартылады. Техника экипаждары бағдар бойынша жүріп өтіп, барлық кедергілерді еңсеруі тиіс.  Сайысқа «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарынан 7 команда және 58012 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысады. Жарыстар Құрлық әскерлері БҚБ Инженерлік әскерлер бас басқармасының бастығы полковник Нұрлан Шаймаховтың басшылық етуімен өтуде. Байқаудың салтанатты ашылуы рәсімінде командалар арасында жеребе тасталды. Командалардың жеке құрамын сайыс өтетін жерлермен, олардың тапсырмаларды орындайтын техникамен таныстырды. Бірінші орынды иеленетін команда Ресей Федерациясында өтетін Армия халықаралық ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтынын естеріңізге сала кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков