Бөлімшелердің шоғырлануы басталды

Қарулы Күштердің басқару органдары, құрамалары мен әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Шымкент гарнизонының бөлімдерінде есептоптар, экипаждар мен бөлімшелер шоғырлануы басталды.

Бөлімшелердің шоғырлануы ағымдағы жылдың 4-29 қаңтар аралығында өтеді.
Шоғырлану бөлімшелердің жауынгерлік даярлық бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Тактикалық дайындық бойынша дәрістер далалық жағдайда өткізілетін болады. Далалық дәрістердің кемінде 30%-ы түнгі уақытта өтеді, онда жеке және бөлімше құрамында әскери нормативтер пысықталатын болады.
Соңғы кезеңде мотоатқыштар, зениттік, барлау бөлімшелері және отпен қолдау роталарының есептоптары жауынгерлік атыстар өткізетін болады, бөлімшелер оқу барысында алған білімдерін, сондай-ақ ұрыстың әртүрлі іс-қимылдарын көрсетеді.
Өткізілген сабақтар жеке құрамның жоғары психологиялық тұрақтылығын және физикалық төзімділігін, тәртіптілік пен жауапкершілікті, қиындықтар мен ауыртпалықтарды жеңе білуін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Әлемдік жағдай қорғаныс саласына қайта қарауды қажет етеді

Әлемдік жағдай қорғаныс саласына қайта қарауды қажет етеді

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года