«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде биылғы жылдың бірінші тоқсанына қорытынды жасалды

Сәуірдің алғашқы күнінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің командирлері мен  олардың орынбасарлары, бөлім сержанттары  Атырау гарнизонына жиналды.  Ақтау, Ақтөбе, Бейнеу гарнизондарынан келген  офицерлер мен сержанттар алдымен жауынгерлік дайындық бойынша, атап айтқанда атыс, дене шынықтыру дайындықтары, басшылық құжаттарды қолданудан сынақтар тапсырды.

Бөлім командирлері арасынан атыс дайындығы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 25744 әскери бөлім командирі полковник С.Каюмов, дене шынықтырудан жоғары нәтиже көрсеткен 30238 әскери бөлім командирі подполковник Д.Кашимбеков, сержанттар арасынан 1 сыныпты сержант Б.Бейсалиев үздік болып танылды. Аталған дайындықтардан сынақтар тапсырған соң, екінші күні бірінші тоқсандағы әскерлердің тыныс тіршілігіне қорытынды жасалды. Қорытындыда бірінші болып, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы полковник Н.Алдияров баяндама жасады. Одан кейін қолбасшының орынбасарлары белгіленген тәртіппен  баяндама жасап, әскери бөлімдердің әрқайсына тиісті бағаларын берді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрығы жеткізіліп, бөлімдер арасында үздіктер белгіленді.

Сонымен, жалпы қорытынды бойынша бірінші орынға ие болған 30238 әскери бөлімі, бөлім командирі подполковник  Д.Қашқымбеков, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Б.Кулия, екінші орында – 25744 әскери бөлімі, бөлім  командирі полковник С.Каюмов, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Е.Бозгулов, үшінші орынды иеленген 41321 әскери бөлімі, бөлім командирі майор Б.Жұмағұлов, бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан Р.Шаяхметов.

Ал, қамтамасыз ету әскери бөлімдері арасында 2016 жылғы бірінші тоқсанда үздік болып танылған – 86717 әскери бөлімі, бөлім командирі медицина қызметінің полковнигі Қ.Самбаев.

Іс-шара барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы  генерал-майор Д.Оспанов сөз сөйлеп, әскери бөлімдер командирлері мен олардың орынбасарларына 2016 жылғы  екінші тоқсанға тапсырмалар беріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Соңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалап, әскери бөлім командирлері олардың орынбасарлары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен бірге ұжымдық суретке түсті.

                                                                                                         Подполковник М.ЖҰРТШИЕВ

                                                                                                       «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, тәрбие бөлімі 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"