Армия ойындарына қатысатын "Орал" зымыран-артиллериялық кораблінің әзірлігі тексерілді

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Каспий теңізі» теңіз биатлонына дайындық жоспары бойынша экипаждардың әзірлігі мен корабльдердің техникалық жай-күйін тексерді.

«Биатлонда жеңіске жету экипаждың әрбір мүшесіне байланысты. Мен теңізшілеріміздің талпынысы мен мақсатқа ұмтылуын көріп отырмын», - деп ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов атап өтті.  «Баутино» айлағының су айдынында «Каспий теңізі – 2016» теңіз биатлонына қатысатын, негізгі корабль болып табылатын «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінің астыңғы жағының жөнделуі барысы тексерілді. Қарау барысында корабльдің негізгі тораптары, тетіктері, агрегаттары және корпусы тексерілді.  Бүгінгі таңда дайындық бойынша іс-шаралар 60 пайызға орындалды. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде «Каспий кубогы – 2016» (теңіз биатлоны) халықаралық теңіз байқауына қатысатынын айта кетейік. Биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер де белгіленіп қойды. Негізгі корабль «Орал», қосалқы «Сарыарқа» зымыран-артиллеиялық кораблі болды.  Корабльдердің экипаждары 33 адамды құрайды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"