Армия ойындары - 2016 шеңберінде «Әскери барлау үздігі» халықаралық байқауына іріктеу туры басталды

Отарда  Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысын өткізу шеңберінде «Әскери барлау үздігі» халықаралық байқауына қатысу үшін жалпыәскери іріктеу туры басталды. Құрлық әскерлерінің, «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік», Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері сайыста белдесетін болады. Сайыс жеңімпаздары Ресей Федерациясында өтетін халықаралық байқауға аттанады.

Қазақстанның әскери қызметшілері «Әскери барлау үздігі» байқауына алғаш рет қатысқалы тұр. Халықаралық кезеңде Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын қорғау құқығына 12 әскери қызметшіден 4 команда жарысқа түседі.  Сайыстың бірінші күнінде саптық байқау өткізілді. Әскери қызметшілердің мүлкін, десантшы рюкзагының, қару-жарақтың, броньды кеудешенің, дулыға мен т.б. болуын тексерді. Содан кейін дәрігерлер медициналық тексеру өткізіп, қорытынды жасады, одан кейін жеребе өтті. Әскери қызметшілер арнайы кедергілер жолағынан, яғни, барлаушының соқпағынан өтуі, жартылай қиратылған ғимаратты, су учаскесін, бөренені және т.б. еңсеруі тиіс. Барлық кедергілерді әскери қызметшілер салмағы 25 келіден  тұратын толық жарақтандыруда өтуі керек. Ресей Федерациясында өтетін қорытынды халықаралық жарыста үздік, мықты және ең кәсіби деген атаққа өзге елдердің командаларымен бақ сынасуда қазақстандық әскери қызметшілерге бірнеше кезеңнен өтуге тура келеді.  Командалар десанттау жасап, жүгіреді, оқ атады, кедергілер жолағынан өтіп, жаяу әскердің жауынгерлік машинасын жүргізу дағдыларын, сондай-ақ 100 метрге ЖӘЖМ-нің жүзіп өтуін паш етеді. Одан кейін әскери қызметшілерге 5 шақырымға жүгіріп, операцияны жүгізудің ең күрделі тәсілдерінің бірі – торуылды орындауға тура келеді. Қазақстанның Қарулы Күштерінен халықаралық кезеңге бір команда қатысады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"