Алматыдағы әскери госпиталь жаңа жабдықпен толықты

Алматы қаласындағы Әскери клиникалық госпитальде медициналық жабдықты орнату мен тестілеу жүргізілуде.

Жаңа аппаратура медициналық көмек көрсетудің ауқымын кеңейтіп, зертхана жұмысын автоматтандыруға, операциялардың жаңа әдістері мен түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Емдеу мекемесіне Aeomed VG70 сараптамалық сыныптағы өкпені жасанды желдетудің көпфункционалды аппараттарын, Lodgiq S8 ультрадыбыстық диагностика жүйесі келді.
Жаңа үлгідегі BTL-08 электрокардиографты, артериялық қысымды бақылау модулі бар велоэргометрді, арнайы жүгіру жолын (тредмил-тест) қолданудың арқасында жүрек-қантамыр жүйесін диагностикалау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейеді.
Созылмалы гемодиализ жүргізу үшін госпитальға Bbraun (Германия) неміс фирмасының Dialog+ пен плазмаферезаға арналған Haemonetics PCS2 (США) аппараты түсті. Сонымен қатар әскери дәрігерлер оптикалық бейненің жоғары сапасын қамтамасыз ететін «OPMI Movena» (Германия) операциялық микроскопы болып табылатын «Лидмелт» плазмасының еріткішін алды.
Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталінің экстракорпоралдық детоксикация және гемодиализ бөлімшесі, күштік ведомстволарының медициналық мекемелерінің ішіндегі жалғыз бөлімше.
Естеріңізге сала кетейік, COVID-19 індетінің белең алған кезінде Алматы қаласының 800-ге жуық тұрғыны әскери госпитальда ем алды. Олардың 40%-ы ауыр жағдаймен келді. Сондықтан заманауи жабдықтардың түсуі, науқастарды шұғыл емдеу мүмкіндіктерін едәуір арттырады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба