Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде кенеттен тексеріс жүргізілді

Алматы гарнизонының әскери бөлімдерінде жауынгерлік кезекшіліктің ахуалына, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін өрістетуге, авиациялық топтардың әзірлігіне, әскерлер қызметіне, жауынгерлік даярлық пен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Осыған байланысты әскери бөлімдер жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерді орындай отырып, жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілді. Сонымен қатар, барлық тексерілетін бөлімшелермен бақылау сабақтары өткізілді.
Қауырт тексеру барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері қарсыластың әуе мақсаттарын анықтау және шартты түрде жою жөніндегі іс-қимылдарды, ал авиация базасының инженерлік-техникалық құрамы мен қамтамасыз ету күштері авиация техникасын жауынгерлік оқу-жаттығу ұшуларына дайындау жөніндегі іс-шараларды пысықтады. Ұшу құрамы ұшу дағдыларын, нысанды дәлдеу ептілігін және шартты қарсыласты жоюды, сондай-ақ жауынгерлік ұшуды орындауды бағалады.
- Аталған тексеру Алматы гарнизонының Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің жеке құрамы елдің әуе шебін күзетудегі жүктелген міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетті. Бұл жеке құрамның жауынгерлік дағдысын, әскери бөлімдердің қойылған міндеттерді қысқа мерзімде орындауға дайындығын, сондай-ақ жауынгерлік даярлық деңгейі мен бөлімшелердің үйлесімдігін жан-жақты бағалау, - деді авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.
Күтпеген жерден тексеруді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының комиссиясы жүзеге асырды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба