Әскери байланысшылар кәсіби мерекелерін атап өтуде / Профессиональный праздник военных связистов

Дәстүр бойынша ҚР Қарулы Күштерде қазанның жиырмасы күні Байланыс әскерлерінің күні атап өтіледі.
Традиционно двадцатого октября в Вооруженных Силах РК отмечают День войск связи.

Әскери байланысшылар тәулік бойы Қарулы Күштерді заманауи, тиімді және сенімді байланыспен қамтамасыз етумен айналысады. Олар қару-жарақ пен әскерлерді басқару жүйесінің жұмысын сапалы деңгейде жүргізіп, байланыс тораптары мен техникалық құралдардың жарамдылығын бақылайды.
Қазіргі кезде Қарулы Күштерде заманауи байланыс құралдарымен жабдықтау, оларды стандартизациялау және ақпаратты жолдаудың сандық әдісіне толықтай көшу бойынша біршама жұмыс атқарылуда. Белгілерді қабылдау-жолдау, одан кейін ақпаратты кодтау мен шифрсыздандыру үшін байланысшылар оқу-жаттығуларда, халықаралық жарыстар мен күнделікті қызметте қолданылатын құралдардың көптеген түріне ие.
Қазақстандық байланысшылар ауқымды халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығуларға ұдайы түрде қатысады. 2018 және 2019 жылдары Армия халықаралық ойындары аясында өткен «Сенімді қабылдау» конкурсында ҚР Қарулы Күштері байланыс әскерлерінің командасы бірінші орындарға ие болды.
Қазақстанның Қарулы Күштері үшін байланыс мамандарын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты даярлайды. Онда қазіргі заманғы зертханалар мен техникалық құралдармен жабдықталған байланыс және әскери техника байланысын ұйымдастыру кафедрасы  өз жұмысын атқаруда.
Қазақстандық әскердің құрылу шебінде генерал-майор Мұбарек Орынбекұлы Орынбеков, полковник Ержан Токтарұлы Қасымханов, полковник Тимур Тоқанұлы Кемербаев, полковник Серік Қадылбекұлы Құрманов, полковник Игорь Вячеславович Халимов, полковник Валерий Александрович Герасимов, полковник Рафик Латифұлы Хасенов сынды байланыс қызметінің ардагерлері тұр. Олардың әрқайсысы Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға зор үлестерін қосты.




Военные связисты в круглосуточном режиме обеспечивают Вооруженные Силы современной, эффективной и надежной связью. Они поддерживают качественный уровень системы управления оружием и войсками, следят за исправностью узлов связи и технических средств. 
Сегодня в Вооруженных Силах идет активная работа по оснащению войск современными средствами связи, их стандартизации и полному переходу к цифровым методам передачи информации. Для приема-передачи сигналов, кодирования и дешифровки данных связисты располагают большим спектром оборудования, техники и средств связи, используемых на учениях, тренировках, международных соревнованиях и в повседневной деятельности.
Казахстанские связисты постоянно участвуют в крупномасштабных международных соревнованиях и учениях. В рамках Армейских международных игр в 2018 и 2019 годах команда войск связи Вооруженных Сил РК заняла первые места в конкурсе «Уверенный прием».
Для Вооруженных Сил Казахстана связистов готовят в Военно-инженерном институте радиоэлектроники и связи. Здесь функционируют кафедры организации связи и военной техники связи, оснащенные современными лабораториями и техническими средствами. 
У истоков зарождения казахстанской армии стояли ветераны связи генерал-майор Мубарек Орынбекович Орынбеков, полковник Ержан Токтарович Касымханов, полковник Тимур Токанович Кемербаев, полковник Серик Кадылбекович Курманов, полковник Игорь Вячеславович Халимов, полковник Валерий Александрович Герасимов, полковник Рафик Латифович Хасенов и многие другие. Каждый из них внес огромный вклад в укрепление обороноспособности Казахстана. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Буксируемые гаубицы

Буксируемые гаубицы