2020 жылы Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық үшін сотталған әскери қызметшілердің саны 39%-ға азайды

Қорғаныс ведомствосында Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы жылға арналған жоспар бекітілді.

Бұл қорытынды отырыс бейне-конференц байланыс режимінде, комиссия төрағасы, Қорғаныс Министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың басшылығымен өтті.
Министрдің орынбасары Қарулы Күштердің басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және әскери ортада сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарын жасаудың алғышарттарын ерте анықтауға көп көңіл бөлетінін атап өтті. Сонымен қатар қабылданған шаралар оң нәтижесін беруде. Соңғы 2-3 жылда бюджет қаражатынан миллиондаған теңге жымқыру сияқты жемқорлық қылмыстарына жол берілген жоқ.
Нәтижесінде 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі азайды, ал осы үшін сотталған адамдар 39%-ға төмендеді.
Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны қабылданған шаралардың кемшіліктерін көрсетеді. Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық болмауы тиіс, қоғамдық институттарды тарта отырып оны, ортақ күш-жігермен және жүйелі шаралармен ғана жоюға болады.
Сондай-ақ, Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында комиссия 350-ден астам тексеру ұйымдастырып, 8000-ға жуық іс-шара өткізді. Әскери бөлімдердің қолбасшылығына сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасаудың алғышарттарын жою туралы 53 ұсыныс, 36 ақпараттық хат енгізілді. Осы орайда, 124 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Комиссия әскери қызметке шақыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау, күрделі құрылыс, тұрғын үйді бөлу салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 100-ден астам ұсыныс әзірледі.
Бұдан бөлек, комиссия десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасында және әскерлерді орналастыру бас басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізді, олардың нәтижелері бойынша көрсетілген әскери басқару органдарына бағынысты бөлімшелерде жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 44 ұсыным әзірледі.
Комиссияның ұсынымы бойынша әскери полиция Бас басқармасының құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі қауіпсіздік функциялары бар басқарма жұмысы қалпына келтіріліп, ол ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша талдау жұмыстарын жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде комиссия жергілікті әскери басқару органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге бастама жасады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша 7 жол картасы іске асырылуда. Қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күннен 5 жұмыс күнге дейін қысқартылды және азаматтар ұсынатын құжаттар пакеті азайтылды.
Жергілікті әскери басқару органдарында «Қарулы Күштері – Адалдық алаңы» 38 жобалық кеңсе ашылды. Аталмыш кеңсеге кез келген азамат штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда көмек алу үшін жүгіне алады.
Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру және бекіту тәртібін реттейтін, сондай-ақ Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімін оңтайландыратын «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеу» ахуалын қалыптастыру мақсатында әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін оқу модульдері мен ахуалдық кейстер әзірленіп, енгізілді.
Әскери бөлімдерде офицерлер жиналыстарының жұмысы қалпына келтірілді. Онда офицерлер арасында этикалық мінез-құлық нормаларын бұзу фактілері қарастырылып, олардың заңсыз әрекеттеріне баға беріледі. Әскери қызметшілердің қызметте және тұрмыста лайықсыз мінез-құлқына қоғамдық ықпал ету және айыптау жүзеге асырылады.
    Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғасатын болады. Осыған байланысты, 2021 жылға комиссияның жұмыс жоспарына 37 іс-шара енгізілді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға әскери қызметшілерді аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтуін, кадр қызметі, әскери білім беру, тылдық қамтамасыз ету қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді, құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау үшін «сатып алудың бірыңғай терезесі» мобильдік қосымшаны іске қосуды, бағдарламаны енгізуді көздейтін толықтырулар енгізу жоспарланған.
Қорғаныс ведомствосында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның ерекше мәртебесі берілгенін еске салу қажет. Енді ол кешенді талдау жұмысымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмайтын қызметті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізумен айналыспақ.
Осыған ұқсас комиссиялар гарнизондарда да жұмыс істейді. Оған құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері, сондай-ақ қоғам өкілдері  қатыса алады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

 Наземные дроны казахстанской армии

Наземные дроны казахстанской армии