Түркия қарулы күштері Мугла провинциясында тағы 9 сарбазды қамауға алды.
Олар қатардағы бүлікшілер емес. Көтерілісшілерді ұстауға жергілікті тұрғындар көмектесті. Олар полицияға жүгері алқабында күдіктілер жүргенін хабарлаған. Мармарис қаласындағы президент Режеп Тайып Ердоған болған қонақүйге тікұшақпен қонып, шабуыл жасаған 25 жауынгердің арасында болған. Түрік басшысы бүлікшілер келгенге дейін қонақүйден кетіп үлгерген еді. Осы шабуылға қатысқан 7 күдікті өткен аптада қамалды. Естеріңізге сала кетейік, бүлікшілер 15-інен 16-сына қараған түні әскери төңкеріс жасамақ болған. Тәртіпсіздік салдарынан 246 адам қаза тауып, 2 мыңнан астамы жараланды. Тергеу аясында жалпы 13 мың күдікті қамауға алынған.