Қазақстан мен Өзбекстан оқу-жаттығу барысында әскери құрамаларды бірлесіп жедел өрістету тәсілдерін пысықтады

Қазақстан Қорғаныс министрінің Өзбекстанға ресми сапары аясында екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов «Термез» полигонында «Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылады.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша жауынгерлік бөлімшелер іздеу-барлау іс-қимылдарын жүргізу, қарсыластың тұтқиылдан жасаған шабуылының алдын алу, жаудың мықты жасақтарының көзін құрту, шабуылға тойтарыс бере отырып, жоғары мобильді әскерилендірілген топтарды жою тапсырмаларын орындады.

«Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы екі елдің әскери құрамаларының өңірдегі жағдайдың ушығу қаупі артқан кезде түрлі оқу-жауынгерлік міндеттерді шешудегі өзара іс-қимыл деңгейін, сондай-ақ байланыс пен үйлесімділік дәрежесін арттыруға бағытталған.
Мұрат Бектанов пен Баходир Құрбановтың ресми келіссөздері барысында өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің соңғы уақыттағы сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері талқыланатын тақырыпқа айналды. Оның ішінде Ауғанстандағы ахуал да бар. Одан бөлек, тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс саласындағы өзара қарым-қатынастарының өзекті бағыттарын, әскери білім беру және кадрлар даярлау мәселелерін де қарастырды.
Келіссөздер нәтижесінде екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспары бекітілді. Жоспарда жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шаралары, командалардың Қазақстан мен Өзбекстан аумағында Армия халықаралық ойындарына қатысуы, өзара тәжірибе алмасу сапарлары қамтылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Казахстан планирует закупить турецкие ударные дроны

Казахстан планирует закупить турецкие ударные дроны

БПЛА Wing Loong

БПЛА Wing Loong