Нью-Йоркте Қазақстанның БҰҰ миссияларына қатысуын кеңейту мәселесі талқыланды

Бүгін Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың Бас хатшының бітімгершілік мәселелері жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруамен және БҰҰ Бас хатшысының әскери кеңесшісі генерал Карлос Умберто Лойтимен кездесуі өтті.

Кездесу достық және сенімді деңгейде өтті. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысуын нығайту және ауқымын кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бұл қазақстандық әскери бақылаушылардың, штабтық офицерлердің және бітімгершілік бөлімшелердің БҰҰ миссияларына қатысуына, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлерін Ұйымның штаб-пәтеріндегі құрылымдық бөлімшелерге тағайындауға қатысты.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған оқу-жаттығу орталықтары базасында БҰҰ курстарын сертификаттау мәселесін қозғады. Бұл – бітімгершілік даярлық, әскери медицина және минасыздандыру орталықтары.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"