Израиль әскерилеріне «Pokemon Go» ойнауға тыйым салынды

Израиль әскерилерінің басшылығы салынған тыйым қауіпсіздік мақсатында екенін түсіндіре отырып, әскери қызметшілеріне Pokemon Go ойнауға тыйым салды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Сарбаздар мен офицерлерге нұсқауда әскер басшылығы ойынға қажетті смартфондардағы геолокация жүйесі мен камералар құпия ақпараттың таралуына ықпал етуі  мүмкін екенін атап өтеді.

Әскерде сондай-ақ әскери қызметшілер ойынның пираттық нұсқасын жүктеу мүмкіндігінен қауіптенеді, салдарынан деректер ұрлануы мүмкін.

Сонымен қатар, израильдық обыр ауруларымен күрес қауымдастығы ел азаматтарына ыстық салдарынан күндіз покемон аулау қауіптілігін ескертті, ойыншыларға бас киім киіп жүруге кеңес берді.

«Маген Давид Адом» медициналық қызметтің деректеріне сәйкес,  өткен аптада 15 жасар қыз покемон аулап жүріп велосипедтен құлап, жарақат алды. Ойын барысында 35 жастағы ер адам да зардап шекті, ол шыны есікке соғылып, аяғын жарақаттады.   

«Қалталы монстрлар» туралы мобильдік «Pokemon Go» ойыны әлем бойынша рекорд орнатуда. «Pokemon Go» белсенді пайдаланушылары саны жағынан   «Твиттер» және «Тиндер» интернет желілерінен де асып түсті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"