Италиялықтар Ливиядағы әскери операцияға қарсы шығуда

Италиялықтар Ливиядағы әскери операцияға түбегейлі қарсы.

Өз уәжін жеткізу үшін жұртшылық парламент алдына жиылды. Естеріңізде болса, АҚШ осы дүйсенбіде ұшақтарын Ливияның Сирт қаласына аттандырды. Мақсаттары – «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» мүшелері тасалаған аумақтарды жермен жексен ету. Италия билігі өз кезегінде қалыс қалмай қолдайтындарын жеткізген. Қорғаныс министрі Роберто Пинотти әуе базалары Американың әскери ұшақтарын қабылдауға дайын екендіктерін де мәлімдеді. Бірақ, халық биліктің олармен санаспағанына наразы. Сондықтан, кеш болмай тұрғанда жұртшылық үкіметтің бұл шешімнен бас тартуын қалайды. Олар ұлттық қауіпсіздікке сызат түспеуі керек деген пікірде. Қалай дегенмен кері қайтар жол жоқ. Америка өз операциясын бастады. Италия, қажет болған жағдайда, ең алдымен Сигонелла әуе базасын ашады. Ол әскери іс-қимыл өтетін аумақтың дәл етегінде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"