"Союз ТМА-20М" басқарылатын көліктік кемесіндегі халықаралық экипажды күтіп алу үшін РФ Орталық әскери округінің Көлік авиациясы Қазақстанға іздеу және құтқару құралдарын жібереді.
Бұл туралы округ баспасөз қызметі хабарлады.
«Союз» қонуында іздестіру-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз ету жұмыстарына 150 әскери қызметкер, арнайы жабдықталған 12 Ми-8 тікұшақтары, 3 Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және өтімділігі жоғары 6 іздестіру-көшіру машиналарын қосқанда, 18 дана автотехника қатысады», - делінген хабарламада.
"Союз ТМА-20М" ғарыш кемесі аппаратының қонуы 2016 жылдың 7 қыркүйегіне, Мәскеу уақытымен 04:15-ке жоспарланған. Ұзаққа созылған экспедиция экипажының құрамында ғарышкерлер Алексей Овчинин, Олег Скрипочка және NASA астронавты Джеффри Уилльямс бар, деп хабарлайды ТАСС.