Францияда ұлттық гвардия қайта жасақталмақ

Францияда ел тұрғындарын террорлық шабуылдардан қорғайтын ұлттық гвардия жасақталады.

Мұндай бастаманы елдің президенті Франсуа Олланд мақұлдаған. Айтуынша, ұлттық гвардия полиция мен жандармерияның резервінде тұрған азаматтардан жасақталмақ. Және олардың басты міндеті – халықтың қауіпсіздігін қас қақпай қадағалау. Парламентте оны қайта құру туралы келіссөздер қыркүйек айында талқыланады деп күтілуде. Дегенмен мемлекет басшысы жаңа құрылым тезірек іске қосылғаны дұрыс дегенді алға тартып отыр. Айта кетейік, ұлттық гвардия Францияда соңғы рет 1789 жылы революция қорытындысын сақтап қалу үшін құрылып, 1872 жылы таратылған. Ал оның қайта жасақталуына кейінгі кездері елдегі террорлық шабуылдар себеп. Естеріңізде болса, 14 шілде күні Ницца қаласында бір қаскөй жүк көлігіне мініп, 84 адамды жайпап өтті. Ал 26-сы қолдарына пышақ алған екі адам шіркеуге басып кіріп, бес адамды кепілге алған. Арнайы бөлімнің сарбаздары содырлардың көзін жойды. Алайда қылмыскерлер 84 жастағы діни қызметкерді өлтіріп, тағы екі адамды жаралап үлгерген.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"