Бүркіттер әуе қорғанысын қамтамасыз етеді

Францияның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ұшқышсыз ұшу аппараттармен күресуге арналған жыртқыш құстарды үйрете бастады деп хабарлайды Франс ПРесс агенттігі генерал Жан Кристоф Зиммерманға сілтеме жасап.

Генералдың айтуынша, әскерилер Австриядан әкелген балапандар бүгінде үлкейіп, әуе қорғанысында өздерінің тиімділігін көрсетуде. Жас қырандар ұшқышсыз ұшу аппараттарын біраз қашықтықтан байқай алады екен. Сондай-ақ оларды жоюда алдына жан салмайды дейді әскери қызметкер. «Бүркіттерді тәрбиелеу кезінде ұшу аппараттарының түрлі модельдеріне жабыстырылған етпен тамақтандырдық» дейді ол.

Айта кетейік, Нидерланды полициясы жыртқыш құстардың көмегімен сәтті операция жүргізген болатын. Сондай-ақ, ол жақта 2017 жылдан бастап әуе қорғанысын құстар қаматасыз етеді деп жоспарлануда. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"